Новости по-русски

Өскеменде «Айыппұлсыз жыл» - акциясы жалғасуда

Өскеменде «Айыппұлсыз жыл» - акциясы жалғасуда

«Айыппұлсыз жыл» - акциясы аясында Жаңа Ахмер кентінде орналасқан 27943 әскери бөлімінде жиын өтті

Жиынның мақсаты – әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылық фактісін азайту. 
- Статистика бойынша әскери қызметшілержасаған әкімшілік құқық бұзушылықтың 85 пайызы - Қазақстан Республикасының жол жүру ережелері талаптарының сақтамау. Әсіресе жүйелі түрде белгіленген жылдамдықты асырғандықтары үшін әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар толтырылады, - дейді Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет майоры Асхат Рамазанов.
Жиын барысында Өскемен гарнизонының прокуроры лауазымды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылықтардың себептеріне сараптама жасап, шара қолдануды талап етті. 

Читайте на 123ru.net