Қазақстанның солтүстік бөлігінде сенбіде жел күшейіп, жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қыркүйек, сенбі күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек солтүстік, батыс және шығысында тұрақсыз ауа-райы сақталады, атмосфералық ағынның өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.