Новости по-русски

Білгенге – маржан

Білгенге – маржан

Қазақтың үш жүзі.
(Соңы. Басы газетіміздің өткен нөмірінде).
Орта жүз
«Қазақ хаоқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі. Шежіре бойынша орта жүз құрамы алты рудан тұрады: арғын, қыпшақ, найман, керей, уақ, қоңырат. Кейбір шежірелерде алты тайпаға жетінші етіп тарақтыны қосады» (ҚҰЭ, 7 т. Алматы, 2005).

Орта жүз рулары
Арғын. «Ежелгі қонысы – Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейтті өлке. Орыс зерттеушісі Н. Аристов арғынды қытай жылнамаларында «башмыл» (орхон жазуларында «басмыл») деп атаған тайпалармен тікелей байланысы бар деген қорытынды жасайды. (М. Тынышбаевтың түсіндіруінше, «басмыл» – «Қоспа, будан» деген мағынада).
...Демек бұл тұжырымдар әуел баста «басмыл» кейіннен «арғын» деп қалған елдің кезінде «құрама» деп аталатын қауымдастыққа ұқсас, әр текті рулардың одақтастарынан құрылған қалың ел болғанын көрсетеді.
Қазақ шежіресінде арғындар Бәйбіше арғын, тоқал арғын болып екіге бөлінеді. Ергүл бәйбішеден өсіп-өнген арғынға жататын рулар бірлестігі «Бес Мейрам» атанады. Олар: қуандық, сүйіндік, бегендік (қозған), шегендік (қақсал) және қаракесек (болатқожа)» (ҚҰЭ, 1 т. Алматы, 1998).

Қыпшақ. «Қазақ халқы мен қазақ тілінің қалыптасуына ерекше үлес қосқан, тарихи деректерде көне замандардан-ақ белгілі тайпа. Бір дәуірлерде оның атақ-даңқы тек қандас түрк жұрттарының арасында ғана аспандап қоймай, Еуропа мен араб елдеріне де әйгілі болып, қыпшақ атауы бүкіл түрк тектес елдерді аясына қамтитын кең мағынада да қолданылды.
Ежелгі Қытай жазбаларында қыпшақ атауынығ байқалуы уақыт жағынан Үйсін, Қаңлы елдерінің тарих соқпағында өтанылу кезеңімен тұстас. Біздің заманымыздан бұрынғы 201 жылы жарық көрген Цін империясының тарихшысы Сы-ма Циәннің «Тарихи жазбалар» («Шицзи») деген еңбегіндегі хунну көсемі Моде Тәңірқұттың жорықтары туралы жазылған тұстардағы «Цбйше, кюйше» түрінде кездесетін этнонимді А. Бериштам және басқа ғалымдар көне қытайшаға бейімделіп айтылған «қыпшақ» сөзі ретінде байыптайды. Алайда оның ең айқын түрде көрініс беруі 759 жылғы көне түрік жазуы ескерткіші – Селеңге құлпытасында қашалып жазылған. Онда тоғыз-оғыз одағында жетекші тайпалар түріктер мен қыпшақтар болғаны айтылады.
ХІ ғасырдың орта тұсында Ертіс атырабындағы қимақтар басмыл және жұмұл тайпаларымен одақтаса отырып, қоныс кеңейту үшін Жетісуға қарай жылжыды...
...Қыпшақтардың сол заманғы қонысы М. Қашқари еңбегі мен дойра-картасында да белгіленген. Ол деректер бойынша Ертістен Еділ мен Маңғыстауға, түстігінде Таразға дейінгі аралықты алып жатқан байтақ аймақ қыпшақ бірлестігіне қатысты жерлер ретінде сипатталды. Қазақ жерінің «Дешті қыпшақ» (Қыпшақ даласы) ретінде толық түрде қала бастаған кезі де осы тұс» (Қазақ шежіресі, Атамұра – Қазақстан, Алматы, 1994).
Қыпшақ 91 баулы, бес таңбалы: Ұзын, Бұлтық, Көлденең, Қарабалық, Торы.

Керей. Мұхамеджан Тынышбайұлы: «Моңғол тарихшысы Санан – Сесеннің деректері бойынша, моңғолдар Шыңғысханның кезінде үш топқа бөлінген.
1. Еке-моңғол (ұлы моңғолдар). 2. Су – моңғолдар немесе татарлар (маңғыт, ұңғұт, шүршіт) және 3. Керейлер». (Қазақ руларының шежіресі, Целиноград, 1994 ж.).
«Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабынан (4 том, Алматы, 2002): «Керей, керейт – қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. IХ–ХІІ ғасырларда керей тайпасы Кереит хандығы аталған мемлекет құрып, Завхан, Тула, Сэлэнгэден Шығыс моңғол құмына дейінгі сайын даланы қоныс етіп, батысы Найман хандығы, солтүстігінде меркіттер, оңтүстігінде татарлар, шығысында Ся мемлекетімен іргелес жатты.
Керей тайпасы Абақ керей, Ашамайлы керей деген екі бөлімге бөлінеді. Абақ керейдің көпшілігі Алтайда: ҚХР, Моңғолияда, ол Ашамайлы керей – бөрлімінің көпшілігі Қазақстанда тұрады».

Найман. «Көптеген зерттеушілердің пікірінше, «найман» атауы моңғолша «сегіз» деген сөзді білдіреді. «Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар VIII ғасырдан бастап «сегіз оғыздар», кейінірек «цзбубу» одағын құрып келді. «Найман» сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы» деп жазды Л. Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше, «(Наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық».
Наймандардан тоқпан, елата, өкірег таратылады» (ҚҰЭ, 7 т, Алматы, 2005).

Уақ. «Орта жүз құрамына кіретін тайпа. Шежіре бойынша: шоға, сарман, байназар, сарыбағыш, сіргелі, еренші, әлімбет, бидалы, жансары, баржақсы, шәйкөз руларына бөлінеді. Мұның соңғы төртеуін Ергенекті уақ деп атайды. Тарихшылар Ә. Марғұлан мен Н. Мыңжани ІХ–ХІІІ ғасырларда моңғол үстіртін мекендеген онгуттарды уақ деп есептеген. Олар Гыңғыс ханға өз еріктерімен қосылып, түркі-моңғолдардың Қыйтаға және Хорезмге жасаған жорықтарына белсене араласқан» (ҚҰЭ, 8 т, Алматы, 2006).

Қоңырат. «Түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың этникалық тарихында қоңырат тайпасының орны ерекше. Қоңырат тайпасы көтенші, көктіңұлы деген екі үлкен бірлестіктен тұрады. Көтеншіден – жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл тараса, көктіңұлынан – байлар, жандар, аққой, оразгелді, тоқболат, қаракөсе, құлшығаш ұрпақтары өрбиді. Қоңыраттар ХІІ–ХІІІ ғасырларда көршілес моңғол тайпаларымен тығыз байланыста болды» (ҚҰЭ, 6 т, Алматы, 2004).

Кіші жүз
«Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Шежіре бойынша Кіші жүздің рулың бірлестіктері әлімұлы, байұлы, жетіру тайпаларынан тарайды. Ноғай ордасынан бөлінген қазақ тайпаларының, яғни, алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты Кіші жүз қазақтары ел арасында «Кіші жүз – алшын» атанған. Оның құрамына – 12 ата байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш), жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан), алты ата әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) тайпалары енеді. Жалпы, ХV–ХVII ғасырларда Кіші жүз құрамына енген ру-тайпалық топтар Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың иеліктеріде болды. Кейінірек Тәуке хан Әйтеке би арқылы Кіші жүзге билігін жүргізген. Тәуке хан тұсында іші жүзге Әбілқайыр хан сайланды (1710). Ықпалды хан деп саналғанымен, Әбілқайырдың билігі Кіші жүзге түгелдей жүрмеді. Мұнда оған қосаб Қайынтың «Хиуа ханы« баласы Батыр сұлтан, Әбілқайырдың баласы Нұралы сұлтан өз алдына ел биледі. 1731 жылы 19 ақпанда патшайым Аина Ионовна Кіші жүздің ОһРесейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамотаға қол қойды.

Кіші жүз рулары
Әлімұлы. Қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша Кіші жүз құрамына енеді. Қаракесек деп те аталады. Таңбасы – алшын таңбасының қосарласқан түрі. Әлімұлының алты тармағы болғанына орай ел ішінде «Алты әлім» деп те атайды. Белгілі ақын Көлдейбекұлы Ерімбет (1830–1911) шежіресінде әлімұлына Жаманақ (шекті), қарамашақ (төртқара), айнық (қарасақал), ұланық (қаракесек) Тегіндолат (қарасақал), тойқожаны (ақ кете) жатқызады. Әлімұлының тармағы алтау болғанымен, енші алып, Ұранға шыққаны – төртеу. Олар – жаманақ, ұланақ, қарамашақ, айнық. Әлімұлы тайпасынан Жалаңтас баһадүр мен Әйтеке биден бастап алты алашқа белгілі Есет, Көтібар, Құлбарақ, Жанғожа, Ақтан, Алтай, Арал батырлар, қара сақал Ерімбет ақын, Нұртуған жырау, Жетес шешен, Әжібай, Соқпақ, Мырзағұл, т. б. билер шыққан.

Жетіру. Қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігінің бірі. Шежіре бойынша Кіші жүз құрамына енеді. Тарихшылар жетірудың арғы тегін ежелгі түркі тайпалары (телеу, рамадан, тама, табын, кердері, керейт, жағалбайлы) бірлестігімен байланыстырады. Ежелгі Қытай жазбаларында V ғасырдан бастап қазіргі моңғол жерін мекендеген түріктілдес көшпеліжұрттар Төле (Төлес) елі деп айтылады. Ғылыми деректер Х ғасырда Арал теңізінің Кердері теңізі аталғанын, Әмударияның екі бетінде сол аттас бір-екі қала болғанын да алға тартады. Ал керейт тайпасының тарихы көне жазба ескерткіштерде VII ғасырдан белгілі. Жетіру құрамындағы тамаға ұқсас атауды Рашид Әд-Дин жылнамасынан кездестіреміз. Тамалар башқұрттардың, ноғайлардың, қырғыздардың құрамында жеке ру түрінде кездеседі. Зерттеушілер табын тайпасы Батыс Қазақстан өңірін Бату жорығына дейін де жайлаған сыңайлы дегенді айтады. Қазақ шежірешилері кіші жүздің «Ноқта ағасы» деп бір тағбасы тарақ боп келетін таманы айтады. Ал тарақ таңбалы жеке руы бар табын сол таманың інісі ретінде сипатталады.

Байұлы. Қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша Кіші жүз құрамына енеді. Байұлы этнонимі Түркі қағандығының кезінен бергі жазба деректерде жиі кездсеседі. ХІІІ–ХІV ғасырларда байырқу-баегулердің негізгі бөлігі Қазақстанның батыс аймағын мекендеп, ноғайлы тұсында алшын бірлестігінің құрамында болған. Ал Ноғай ордасы ыдыраған кезде алшын, алтыауыл, жембойылық ноғайлының басты жұртының бірі тамалармен бірге қазақ хандығының құрамына енген байұлы жайлы деректер ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысынан бастап орыс әкімшілігінің құжаттарыда жиі ұшыраса бастады. Оны 12 ата байұлы (қайсыбір тьізімдерде 13 ата) деп көрсетеді. Байұлы құрамына шеркеш, ысық, есентемір, байбақты, беріш, адай, алтын-жаппас, тана, алаша, масқар, таз, қызылқұрт рулары енеді» (Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық, Алматы, «Аруна», 2010).

Біздің данагөй халқымыз «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Атасын айтқанның айыбы жоқ», – дейді. Үш жүз, оның рулары туралы әңгіме қозғау, ол жөнінде анықтамалық, таризи танымдық мақалаларды жариялау, үш дүзге, руға бөлінушілік емес, ата-тегің арқылы тарихыңды біліп, тану. Осыны естеріңізге саламыз.

Читайте на 123ru.net