Латвиялық кәсіпкерлер батысқазақстандық өндіріс орындарымен байланысты нығайтпақшы
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Латвиялық кәсіпкерлер батысқазақстандық өндіріс орындарымен байланысты нығайтпақшы. Бұл туралы латвиялық делегацияны Батыс Қазақстан облысына бастап келген Латвия Экономика министрлігіне қарасты инвестиция және даму агенттігінің өкілі Андрис Алкснис мәлім етті.