Новости по-русски

БҚО-да медициналық-әлеуметтік мекемеде мүгедек баланың қолын байлап, тәрбиелеудің қатал тәсілін қолданғаны анықталды - прокуратура

БҚО-да медициналық-әлеуметтік мекемеде мүгедек баланың қолын байлап, тәрбиелеудің қатал тәсілін қолданғаны анықталды - прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Көшім ауылында орналасқан «Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-де мүмкіндігі шектеулі 90 баланың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын прокурорлық тексеріс барысында балалардың кепілдендірілген медициналық және әлеуметтік көмекті алу құқықтарының бұзылуы, санитарлық және техникалық нормалардың бұзылулары, медициналық, педагогикалық және әлеуметтік қызметкерлердің  өзінің міндеттерін тиісті түрде орындамауы сынды көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Читайте на 123ru.net