Новости по-русски

Көкшетауда 26 жастағы ер адам көлігінің ішінде өртеніп кетті

Көкшетауда 26 жастағы ер адам көлігінің ішінде өртеніп кетті

Көкшетауда 26 жастағы ер адам көлігінің ішінде өртеніп кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Келеңсіз жағдай 12-ші қыркүйек күні түнгі уақыт 03:09 шамасында Көкшетау қаласы Наурызбай Батыр көшесінің бойындағы тұрғын үй маңында орын алған. «Опель Вектра» көлігі өртеніп кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД ӨБ-2 жеке құрамынан 5 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Күйген көліктің ішінен 1989 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Қазіргі кезде өрт себептері анықталуда», деп көрсетілген хабарламада.
Дерек көзі: inform.kz

Читайте на 123ru.net