30 қыркүйекте Палестина туы БҰҰ-да көтеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мінбесінен Палестина президенті Махмұд Аббас сөз сөйлейтін күні БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Палестина туы желбірейді. Бұл туралы журналистерге Палестина мемлекетінің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Рияд Мансұр мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.