Алматыда мектеп табалдырығын аттамаған 16 жастағы қыз кешкі мектепке орналастырылатын болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматыда мектеп табалдырығын аттамай келген, әліпті таяқ деп білмейтін 16 жастағы қыз бар екен. Бұл туралы Алатау аудандық ІІБ жасөспірімдер ісі бойынша инспекциясы мен Алатау аудандық прокуратурасының жүргізген арнайы рейді барысында белгілі болды.