Алматыда жалға берілетін әлеуметтік жаңа 275 пәтердің кілті табыс етілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласындағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінде «Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы аясында қала тұрғындарына 275 пәтердің кілті табыс етілді. Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен «Байтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев қатысты.