Ақ сауытты Айдарбек батырдың еңселі ескерткіші орнатылды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ХVІ-ХVІІ ғасырларда Арал, Қазалы өңірлерінде өмір кешіп, Жоңғар, Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы ұлт-азаттығы жолында күрескен Ақ сауытты Айдарбек батырды ұлықтау мақсатында баба ұрпақтарының бастамасымен, «Айдарбек - баба» қоғамдық қорының қолдауымен Қазалы ауданындағы жерленген қабірінің басына 2014 жылы зәулім кесене тұрғызылған еді.