Қостанайда екі жігіт эвакуатордың көмегімен көлік ұрламақ болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда 22 және 18 жастағы екі жігіт Бородина көшесінде тұрған ВАЗ-2115 көлігін ұрламақ болған. Бұл ойларын іске асыру үшін екі жігіт жекеменшік эвакуатор жалдаған, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінен.