Жұмыс берушілер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2017 жылдан бастап еңбекақының 2 пайызын аудара бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмыс берушілер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2017 жылдан бастап еңбекақының 2 пайызын аудара бастайды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.