Қызылордада тұңғыш рет қауын-қарбыз фестивалі өтті (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қала күні мерекесіне орай алғаш рет қауын-қарбыз фестивалі өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін қауын-қарбыздан жасалған тағамдардан дастархан жайылды. Фестивальді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев тамашалады.