Батырхан Шүкенов атындағы қор әншінің әндерін ең үздік орындаушылар байқауын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батырхан Шүкенов атындағы қор әртіс әндерін ең үздік орындаушылар байқауын жариялайды. Бұл туралы қайтыс болған әншінің жақын досы әрі бұрынғы арт-директоры Олжас Байқанов өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.