Новости по-русски

Қария 20 жылдан бері велосипедтен түспеген

Қария 20 жылдан бері велосипедтен түспеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - 63 жастағы қария Оразбек Романқұлов Төреқұлұлының 20 жылдан бері айнымас серігі - велосипед. Шымкент қаласы, Сайрам ауданында тұратын ел ағасы күн сайын жұмысына тек велосипедпен қатынайды. Қарияның есептеуінше, ертемен кешке дейін 40 шақырымнан аса жолды жүріп өтеді екен. Оразбек ата тіпті қонаққа да дәл осы қос доңғалақты көлігімен барады. Ауыл арасында «велосипеді бар ата» атанып кеткен кейіпкеріміз тамаққа тәбетім жақсы, денсаулығым дұрыс, көңілім сергек дейді.

Читайте на 123ru.net