Б.Обама президент кезінде АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіруге ниетті - Н.Назарбаев
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Б.Обама президент кезінде АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіруге ниетті. Бүгін Қазақстан журналистеріне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.