Новости по-русски

«Астана» жеңілістен қорқып емес, жанкүйерлерін қуанта алмаймыз ба деп қобалжыды - С.Стойлов

«Астана» жеңілістен қорқып емес, жанкүйерлерін қуанта алмаймыз ба деп қобалжыды - С.Стойлов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өз алаңында Түркияның "Галатасарай" футбол командасын қабылдаған "Астана" футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов матчтан кейін журналистер алдына шығып, баспасөз мəслихатын өткізді. Бірінші таймды жеңіліспен аяқтаған "Астана" екінші таймда шабуылды үдетіп, қорытынды есепті 2:2-ге жеткізді. Бас бапкер Станимир Стойлов "тепе-тең ойынға көңілім толады, бірақ бұл есеп мені қатты қуантқан жоқ", - дейді.

Читайте на 123ru.net