Таразда Қазақ хандығының мерейтойлық шараларында үш тілді еріктілер қызмет көрсетеді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздағы қазақ мемлекеттілігінің мерейтойындағы салтанаттарда қонақтарды еріктілер - жамбылдық жоғары оқу орындарының студенттері қарсылап, қызмет көрсетеді, деп мәлім етті баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов.