Новости по-русски

Қызылорда облысы үш жыл қатарынан күріштен рекордтық өнім алды (ФОТО)

Қызылорда облысы үш жыл қатарынан күріштен рекордтық өнім алды (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр дихандары биылғы жылы күріштің әр гектарынан 50,5 центнер өнім жинап, ел қамбасына 423 мың тоннадан астам астық құйды. Бұл ел тәуелсіздігі кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш соңғы 3 жыл бойы қатарынан қайталанып отыр. Бұл туралы 3 қазан күні «Алтын күз-2015» мерекесі аясында биылғы егін жинау қорытындысы бойынша өндіріс озаттарын марапаттау салтанатында айтылды. Онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың ауылшаруашылық саласы мамандарын қол жеткізген табыстарымен шын жүректен құттықтады. 

Читайте на 123ru.net