БҚО-да жылыту маусымына дайындық жұмыстарына 4,7 млрд. теңге жұмсалып отыр
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл жылыту маусымына дайындық жұмыстарына 4,7 млрд. теңге жұмсалып отыр.
БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Байменовтің сөзіне қарағанда, соның 800 млн. теңгесі - коммуналдық кәсіпорындардың өз қаржысы. Күні бүгін облысқа 6,7 мың тонна қатты отын (көмір) керек болса, соның 90 пайызы, ал 2,2 мың тонна сұйық отын түгелдей жеткізілген. Өңірдің бюджеттік мекемелері отынмен толық қамтамасыз етілген. Әлеуметтік нысандар да негізінен қысқа дайын.