РФ мен Оңтүстік Корея ғалымдары мамонтты клондау үшін оның терісінен тірі жасушаларды іздемек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мен Оңтүстік Корея ғалымдары мамонтты клондау үшін оның терісінен тірі жасушаларды іздеу бойынша бірлескен жұмысты бастайды. Бұл туралы ТАСС палеонтолог-ғалым, Солтүстік-батыс федералды университеті (СБФУ) мамонт мұражайының аға ғылыми қызметкері, "Солтүстік Ойкумена" экспедициясының жетекшісі Семен Григорьевке сілтеме жасап хабарлады.