Халықаралық ұйымдар Қазақстандағы өздерінің филиалдарына аймақтық мәртебе беруге ниетті - ҚР СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ұйымдар Қазақстандағы өздерінің филиалдарына аймақтық мәртебе беруге ниетті. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев осылай мәлім етті.