Жылқы - Ұлы Жібек жолының символы - К. Хафизова
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Ғылым ордасы» РМК кешенінде «Орталық Азиядағы тарихнама және деректер: өткені, бүгіні және болашағы туралы жаңа зерттеулер» атты Халықаралық семинар-практикум барысында белгілі шығыстанушы, Қазақстанда Қытайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, тарих ғылымдарының докторы Клара Хафизованың орыс тілінде шыққан «Диалог цивилизаций на Щелковом пути» және «Восточная дипломатия на стыке цивилизаций» атты екі кітабының таныстырылымы болды.