«Жаңа толқын - 2015» байқауының жүлдегері әнші Әдемі жеке альбомын шығармақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жаңа толқын - 2015» («Новая волна») байқауының жүлдегері әнші Әдемі келер жылдың басында өзінің жеке альбомын шығармақ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте әншінің музыкалық продюссері Ринат Ғайсин мәлім етті.