Білім беру саласына бөлінетін қаражат қысқартылмайды - Елбасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповті қабылдады. Кездесу барысында А.Сәрінжіпов Мемлекет басшысына білім беру жүйесінің дамуы және жаңа оқу жылына орай жүргізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады.