Новости по-русски

Қытайдағы этникалық қазақтардың соттылығы туралы мәселе халықаралық келісімшартпен шешілуі тиіс - Г. Сейтмағанбетова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы этникалық қазақтардың соттылығы туралы анықтама мәселесі халықаралық келісімшартпен шешімін табуы тиіс. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Гүлнәр Сейтмағанбетова мәлім етті. Еске салайық, жалпы отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдаған еді.

Читайте на 123ru.net