Қазақстанның басым бөлігінде жексенбі күні жаңбырлы болып, тұман түседі және жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.