Новости по-русски

Америкалық АЭС қазақстандық уранды тұтынуды көбейту үстінде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық АЭС қазақстандық уранды тұтынуды көбейту үстінде. Американың энергетика жөніндегі ресми статистикасы ведомствосының (EIA) мәліметтеріне қарағанда, 2014 жылы Штаттарға салмағы 12 млн. фунтты құрайтын уран тасымалданған. Бұл елдің нарықтағы тұтынуы көлемінің 23 пайызы деген сөз (53.3 млн. фунт). Ал бұған дейін аталған өнімді АҚШ-қа жеткізу негізінен 3 елдің - Австралия, Канада және Ресейдің құзырында болған. Жалпы алғанда, елімізде ядролық отын нарығы деңгейі бойынша нәтиже аса жоғары. Тек бір жылдың ішінде қазақстандық уранның АҚШ-қа жеткізілімі тіпті 2 есеге дейін көтерілді (2013 жылы 6,5 млн фунт).

Читайте на 123ru.net