Мәжіліс электр энергетикасы нарығын енгізу мерзіміне қатысты Сенаттың ұсынысына келісімін берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қарастырды. Талқылаудан соң төменгі палата депутаттары Сенат енгізген ұсынысқа келісімін беріп, құжатты қабылдау таралы шешім шығарды.