Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қазан күні сағат 10.00-13.00 аралығында Астанада мүгедектерді жұмыспен қамту айлығы аясында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Іс-шара Бейбітшілік көшесі, 25 мекен-жайында орналасқан Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.