Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Сенаттың жалпы отырысына жолданды. Бүгін аталған заң жобасын ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті жан-жақты талқылап, осындай шешім қабылдады.