Новости по-русски

Атырау қаласында орта мектеп директорынан туберкулез анықталды

18 қаңтарда жүргізілген тексерулер негізінде  мектеп директорына орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық

комиссия қорытындысымен туберкулез диагнозы қойылды. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Сол күні, яғни 18 қаңтарда, бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес, мұғалім емделуге жіберілді. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары мектеп ғимаратына дезинфекция жұмысын жүргізуде. Сонымен қатар, мұғаліммен байланыста болған мектеп қызметкерлері тексеріледі, олардың медициналық сынама нәтижелері алдағы күндері дайын болады.

Қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша, бүгінде аталған мектепте 1289 оқушы білім алады, 112 педагог еңбек етеді. Мектеп штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

 

Читайте на 123ru.net