Елбасы «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» ҚР заңына қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және ауылшаруашылық кооперативтер мен олардың қауымдастықтарының қызметін кешенді реттеуге бағытталған «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.