Мемлекет басшысы: Азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі сотқа прокурордың қатынасуы азаяды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі сотқа прокурордың қатынасуы азаяды. Бүгін Ақордада алғаш рет жария түрде еліміздің жаңа Азаматтық процестік кодексіне қол қойған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.