Қазақстандық-қытайлық компания Талдықорғанда арнайы техника шығармақ (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық-қытайлық компания Талдықорғанда арнайы техника шығармақ. Бұл туралы «Aktan group» ЖШС өкілдері мен облыс орталығының әкімі Бағдат Қарасаевпен кездесуде мәлім болды. Жиында тараптар құны 5 млн. АҚШ долларын құрайтын жобаны жүзеге асыру жайын талқылады.