Астанада Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ынтымақтастыққа қол қойылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.