Жұрттың мазасын алған үш такси жүргізушісіне айыппұл салынды - Павлодар
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жергілікті полиция қызметі мен көлік прокуратурасының қызметкерлері бірлесіп жүргізген рейд барысында темір жол вокзалында өз қызметін ұсынып, жұртшылықтың мазасын алған үш такси жүргізушісіне айыппұл салынды.