Қазақстанда жаңбыр жауып, елдің батысында шаңды дауыл көтеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен жауын-шашынды (көбіне жаңбыр) ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауып найзағай ойнайды, жел күшейеді, батысында - шаңды дауыл көтеріліп, тұман түседі, орталық бөлігінде ғана күн ашық болады.