Велоспорт: Алексей Луценко мен Бақтияр Қожатаев Олимпиадаға барады
![Велоспорт: Алексей Луценко мен Бақтияр Қожатаев Олимпиадаға барады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160630011951.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейро Олимпиадасында велоспорттан ел намысын Алексей Луценко мен Бақтияр Қожатаев қорғайды. Екеуі де «Астана» велокомандасының мүшелері. Бұл туралы Қазақстан велоспорт федерациясының бапкерлер кеңесінде айтылды, деп жазады 24.kz.