АУА РАЙЫ: Бүгін елдің оңтүстік өңірлерінде күн қатты ысиды, солтүстікте жауын-шашын сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, елдің солтүстігінде және шығысында кей жерлерде тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшеюі күтіледі. Тек республикамыздың батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын- шашынсыз болады.