Рио-2016: Жазира Жаппарқұл қоссайыстың алғашқы қорытындысын 115 келі көтеріп 2-орынмен аяқтады
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ауыр атлетикадан тура қазір әйелдер арасындағы 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан қазақ қызы Жазира Жапарқұл қоссайыстың алғашқы жұлқа көтеру сайысын 115 келімен екінші болып аяқтады.