Елордада жұмыспен қамту орталығына 8 мыңнан астам адам жүгінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамту орталығына 8 487 адам жүгінді. Олардың 4 233 адамы тұрақты жұмыс орындарына, 1 244 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Сондай-ақ, 623 адам кәсіптік оқытудан өтіп жатыр, 435 түлек жастар практикасына қатысуда, 105 жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыстарға орналастырылды, деп хабарлады қала әкімінің ресми сайты.