Алматыда бес шағынауданның тұрғындары 20 сағат сусыз қалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рысқұлов-Саин көлік жолы айырығында орналасқан учаскеде су құбыры желілерінде жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқандықтан, Алатау ауданының бірнеше секторларының тұтынушыларына біраз уақыт су беру тоқтатылады, деп хабарлады «Холдинг Алматы Су» МКК.