Новости по-русски

Рио-2016 қорытындылары: Қазақстан құрамасы жалпы саны 17 медаль алып, рекордтық нәтижеге қол жеткізді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Міне, күллі әлем көз тіккен Рио-де-Жанейро қаласындағы ХХХІ жазғы олимпиада ойындары мәреге жетіп қалды деуге болады. Бұл олимпиада Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды деуге толық негіз бар. Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) алып, ел спорты тарихында күміс және жалпы жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Алтыны аздау демесек, төрт жылда бір келетін дүниежүзілік додада ел қоржынына түскен бұл жүлделердің бәсі жоғары. Ендеше, қазақстандық саңлақтардың жүлде алған сәттерін және кейбір опық жеген тұстарын тағы бір еске түсірейік.

Читайте на 123ru.net