Конституция күні бір балабақша, Білім күні бір мектеп пайдалануға беріледі - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің бастамасымен Қызылордада 2015 жылы 900 орындық 2 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, апаттық жағдайда деп танылған №172 орта мектептің 300 орындық жаңа ғимаратының бүгінгі таңда құрылысы толығымен аяқталды, 1 қыркүйек - Білім күнін бүлдіршіндер жаңа ғимаратта қарсы алатын болады.