Новости по-русски

Чемпион қалай шыңдалды? - Марат Елеусіновтің қос ұлын тәрбиелеудегі құпиялары

Чемпион қалай шыңдалды? - Марат Елеусіновтің қос ұлын тәрбиелеудегі құпиялары

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі ұлы бар. Екеуі де боксшы. Бірі  қазақ елінің намысы үшін АҚШ төрінде атой салып, кәсіпқой бокстың көрігін қыздырып жүрген Дәурен Елеусінов. Шаршы алаңға 5 рет көтерілген ол әр уақытта да қарсыласынан басым түсуде. Екіншісі  күні кеше ғана Рио Олимпидасында Қазақстан қоржынына «алтын» салған Данияр Елеусінов. Оның әр сағаты санаулы. Ол мұндай жетістікке жеткені үшін бапкер болып баулып, бокстың қыр-сырын ерінбей үйреткені үшін әкесіне қарыздар десек артық емес. Әрине, Марат Тәліпұлының да уақыты тапшы. Дегемен, ол уақыт тауып, ҚазАқпарат тілшісінің бірқатар сауалына жауап берген еді.

Читайте на 123ru.net