КХДР босқынымен сұхбат: Көсем Ким Чен Ын және оның құрбандары
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея - егер сол елдің басшылығына сенер болсақ, Жер бетіндегі жұмақтың өзі. Ал мүмкіншілік тауып, өзге елге бой тасалаған сол елдің азаматтарының сөзіне құлақ түрсек, Солтүстік Корея - нағыз тозақ. ҚазАқпарат тілшісі Дамир Байманов Сеулге жасаған пресс-туры барысында бүгінде Оңтүстік Корея Үкіметінің қорғауына алынған солтүстіккорейлік Ким Хён Сумен сұхбаттасқан болатын. Оқырман назарына осы сұхбатты ұсынамыз.