Global құрылыс компаниясы Универсиада-2017 ойындарының серіктесі және Қазақстанның шаңғы жарысы бойынша әйелдер құрамасының ресми демеушісі атанды.
Бүгін Алматыда 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция және Global құрылыс компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 2006 жылы құрылған Шаңғы жарыстары жөніндегі ұлттық федерациясында тұңғыш рет өз жеке демеушісі пайда болды. Оңтүстік астанадағы ең ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылатын Global шаңғы жарыстары бойынша әйелдер құрамасын қолдау жөнінде шешім қабылдады.
Нұржан Әбілқайыр, «2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» директорының орынбасары: «Бизнес пайда көру үшін емес, шын ниетпен іс-шараға деумеушілік көрсетіп отырғаны қуантады. Біздің спортшыларымызға нақты істермен көмектескіміз келеді деген ниетпен бізге бірінші рет келіп отыр. Спортшыларымыз барынша жайлы ортада ойындарға дайындалып, жақсы өнер көрсетуді қалайды. Қаржылық жағынан болсын, жігерлендіру тұрғысынан болсын, біздің көрсеткен қолдауымыз олар үшін аса маңызды».

Мұхит Әзірбаев, Global құрылыс компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы:
«Біз жылжымайтын тұрғын үйлерді салатын құрылыс компаниясы ретінде аса маңызды міндетті үнемі шешіп отырамыз, яғни көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін спортты қолжетімді етеміз. Біз дұрыс әрі пайдалы инфрақұрылымы, «ақылды» және сапалы балалар және спорт алаңдары бар жөнді ойластырылған аулаларды саламыз. Өйткені әрбір спортшы өз мансабын сол ауладан бастайды. Универсиада секілді айтулы оқиғаға қолдау көрсетуге қуаныштымыз. Сондай-ақ, біз енді-енді мансабын бастаған жас спортшыларға тікелей қолдау көрсету туралы шешім қабылдадық. Жаңа биіктіктерді бағындырсын деп, біз оларды қолайлы жағдайлармен қамтамасыз еткіміз келеді».
Демеушілікке бөлінген қаржының бір бөлігі қажетті спорттық киім-кешекті (жарыста киетін комбинезондар, жаттығу киімдері), құрал-саймандарды (шаңғы мен бекіткіштің екі түрі) сатып алуға, сондай-ақ, жиындарға және түрлі жарыстарға, соның ішінде республикалық және халықаралық сайыстарға қатысу кезіндегі дайындыққа бағытталды.

Андрей Невзоров, «Шаңғы жарыстары жөніндегі ұлттық федерация» ҚБ бас хатшысы: «Спортшылардың ойындарға дайындығы қашанда орасан зор күш жұмсауды қажет етеді. Сондай-ақ, бұған айтарлықтай шығындар кетеді. Мәселен, бір кәсіпқой шаңғышының саймандары шамамен 1,7 млн. теңге тұрады. Сөзсіз, бізге мемлекет тарапынан көп көмек көрсетілуде, алайда осындай үлкен компанияның сенім артып, шынайы ниет білдіруі біз үшін үлкен құрмет. Оның үстіне спортшылардың рухы көтеріледі. Бізге сенеді, демек жеңеміз деген сөз».

Мұхит Әзірбаев:
«Универсиада – бұл Олимпиада ойындарынан кейінгі әлемдік спорттағы ең үлкен оқиға. Біз қазақстандықтар мен алматылықтарды Универсиаданы қолдап, алда келе жатқан жарыстарға, ойындардың ашылу және жабылу салтанаттарына баруға үндейміз. Мұндай мүмкіндік ілуде бір рет қана болады, сондықтан оны өткізіп алмау қажет. Егер біздер, алматылықтар, Универсиада қонақтары, бәріміз жанкүйерлер трибунасын лық толтырып, спортшыларымыздың жігерін қолдап, көтеретін болсақ, олардың жеңіске жетуге деген мүмкіндіктері бірнеше есе жоғары болатыны сөзсіз».