Новости по-русски

Шаңғы және биатлон спортынан Универсиадаға қатысатын спортшылар анықталды

Шаңғы және биатлон спортынан Универсиадаға қатысатын спортшылар анықталды

Универсиада қарсаңында ұйымдастырылған тесттік жарыс

ҚазАқпараттың хабарлауынша, «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде шаңғы жарысынан ҚР ашық кубогы өз мәресіне жетті.
Бұл 2017 жылы Универсиада қарсаңында ұйымдастырылған тесттік жарыс болып табылады. Еліміздің 10 аймағынан жиналған 100-ге жуық спортшы үш күн бойы өзара мықтыны анықтады. Кеше жарыс жолына шыққан шаңғышылар Спринт (классикалық) бағдарламасы бойынша бақ сынады. Нәтижесінде, қыздар арасындағы бәсекеде Елена Коломина жеңіс тұғырынан көрінсе, Анна Шевченко екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті Ирина Быкова қорытындылады. Ерлер арасында Ақмола облысының спортшысы Денис Волотка алтыннан алқа тақса, Константин Борцов күміспен күптелді. Бұл екі спортшы 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиада ойындарына жолдама алды. Ал Әсет Дүйсенов қоланы қанағат тұтты.
 
Ал биатлоннан ҚР чемпионатының ақырғы жарыс күні өтті. Жарыс жолына шыққан әйелдер мен жасөспірімдер із кесу жарысы бойынша бақ сынады. 10 км шақырымдық жарыста әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысының өкілі Галина Вишневская жеңіс тұғырынан көрінсе, Дарья Усанова екінші орынға жайғасты. Үздік үштікке Анастасия Кондратьева кірді. 
Жасөспірімдер арасында алтын алқаны Елизавета Бельченко жеңіп алса, Людмила Ахатова мен Евгения Красикова сәйкесінше күміс және қола жүлдегер атанды.
 Жарысқа қатысушылардың жинаған ұпайлары: Биатлон Әйелдер арасында (ізге түсу жарысы (пасьют), 10 км): 
1. Галина Вишневская (ШҚО) - 33:19 
2. Дарья Усанова (Павлодар) - 36:19 
3. Анастасия Кондратьева (Ақмола облысы) - 38:50
 
 Жасөсірімдер: 1. Елизавета Бельченко (ШҚО) - 36:33 
 2. Людмила Ахатова (Карағанды облысы) - 40:19
 3. Евгения Красикова (ШҚО) - 43:45 
 
Шаңғы жарысы Қыздар: 
1. Елена Коломина (ШҚО) - 03:46,75
 2. Анна Шевченко (Павлодар облысы) - 03:48,39
 3. Ирина Быкова (Павлодар облысы) - 03:50,96
 
Ерлер арасында:
1. Денис Волотка (Ақмола облысы) - 03:47,21 
2. Константин Борцов (Ақмола облысы) - 03:56,45 
3. Асет Дюсенов (ШҚО) - 04:01,93 
 
28-ші қысқы Универсиада ойындарына қатысатын спортшылардын есімдері: Шаңғы жарысы Қыздар: 
1. Анна Шевченко (Павлодар облысы) 2. Ирина Быкова (Павлодар облысы) 3. Анна Стоян (Қарағанды облысы) 4. Ольга Мандрика (Ақмола облысы) 5. Анжелика Тарасова (ШҚО) 6. Валентина Эбель (Ақмола облысы) 7. Ангелина Шурыга (Алматы) 8. Валерия Тюльенова, Дария Режко және Наталья Соколовская (Ақмола облысы) - үміткерлер. 
 
Ерлер: 1. Александр Малышев (ШҚО) 2. Сергей Малышев (ШҚО) 3. Олжас Климин (Ақмола облысы) 4. Виталий Пухкало (Қостанай облысы) 5. Иван Люфт (ШҚО) 6. Константин Борцов (Ақмола облысы) 7. Ринат Мухин 8. Асет Дюсенов (ШҚО), Наиль Башмаков (Алматы) және Евгений Бондаренко (Костанай облысы) - үміткерлер. 
 
Биатлон қыздар: 1. Галина Вишневская (ШҚО) 2. Дарья Усанова (Павлодар) 3. Анастасия Кондратьева (Ақмола облысы) 4. Алина Райкова (Ақмола облысы) 5. Анна Кистанова (Ақмола облысы) 6. Елизавета Бельченко (ШҚО) 7. Александра Сасина (Павлодар облысы) 8. Людмила Ахатова (Қарағанды облысы) және Алина Слепенко (Ақмола облысы) - үміткерлер. 
 
Ерлер: 1. Василий Подкорытов (ВКО) 2. Антон Пантов (Павлодар облысы) 3. Максим Браун (Павлодар облысы) 4. Тимур Куц (Павлодар облысы) 5. Роман Еремин (Ақмола облысы) 6. Тимур Хамитгатин (Ақмола облысы) 7. Владислав Витенко (ШҚО) 8. Илья Сирик (Ақмола облысы) 
 
 
 
 
 
 
 

Читайте на 123ru.net