Франция президенті мінберде сөйлеп тұрғанда мылтық атылды 28.02.2017 22:01 Казинформ АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция ел президенті Франсуа Олланд сөз сөйлеп тұрғанда полиция мергенінің мылтығы байқаусызда атылып кетті. Қаңғыған оқтан даяшы және тағы бір қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.